Ведомство жүргізушілердің шаршаңқы күйде рөлге отырмауын сұрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала сыртындағы әрбір үшінші жол апаты жылдамдықты шамадан тыс арттыру байланысты екен. Барлық жазатайым оқиғаның 60%-ы соқтығысудан болған.
“Жүргізушінің шаршауы да қауіпті. Ұйқының дұрыс болмауы және шамадан тыс жұмыс істеу зейінді төмендетеді, қырағылықты бәсеңдетеді. Бұл күйде жүргізуші апатты тудыратын кенеттен болған жағдайға әрекет жасап үлгермеуі мүмкін” – деп мәлімдеді ІІМ.
Ішкі істер министрлігі әрбір сапар тек техникалық емес, жүргізушінің физикалық дайындығын да талап ететінін айтуда.
“Көлік жүргізу кезінде сіз өзіңіз үшін ғана емес, басқа да жол қозғалысы қатысушылары үшін де жауаптысыз. Жауапкершілік, өзін-өзі тәрбиелеу және ережелерді құрметтеу жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырады”, – делінген хабарламада.