Бокстан елімізде өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еске сала кетейік, Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтеді.
Ерлер:
- Cанжар Тәшкенбай (50 келі);
- Махмұд Сабырхан (55 келі);
- Серік Теміржанов (60 келі);
- Ертуған Зейнуллинов (65 келі);
- Абылайхан Жүсіпов (70 келі);
- Сабыржан Аққалықов (75 келі);
- Нұрбек Оралбай (80 келі);
- Бекзад Нұрдәулетов (85 келі);
- Сағындық Тоғамбай (90 келі);
- Айбек Оралбай (+90 келі).
Әйелдер:
- Назым Қызайбай (48 келі);
- Алуа Балқыбекова (51 келі);
- Әнел Сақыш (54 келі);
- Айдана Забынбекова (57 келі);
- Виктория Графеева (60 келі);
- Аида Әбікеева (65 келі);
- Наталья Богданова (70 келі);
- Надежда Рябец (75 келі);
- Гүлсая Ержан (80 келі);
- Елдана Тәліпова (+80 келі).
Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.