Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шымкентте Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары әйел зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Тергеуді Түркістан аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша арызданушы мен арызда көрсетілген ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған", — деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, полицейлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес іс бойынша басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын еске салды.