Current Date: 30-06-2025

Бірқатар өңірде балабақша топтарын жинақтау басталады

Елдің бірқатар өңірінде ертеңнен бастап балабақшалар жаңа оқу жылына арналған топтарды жинай бастайды. Астанадағы ата-аналар да қамдана берсе болады.

Қазір елордада барлығы 653 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 99-ы мемлекеттік болса, 551-і жекеменшік. Ал қалған үшеуі ведомстволық балабақша. 60 мыңнан аса бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Ал жаңа оқу жылына 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін 15 мыңнан астам бос орын қарастырылып отыр.

Айта кетейік, елде биылдан бастап балалар ваучерлік қаржыландыру жүйесі негізінде оқи алады. Бір ғана Астанада 6 мыңнан аса балаға ваучер беріліп, балабақшаларға қабылданды. Жаңа жүйенің арқасында кезек 30 мыңға дейін қысқарады деп күтіліп отыр. Ваучерлерді бөлу кезегі 1 шілдеде жаңартылады.