Қыз бала үйден оқиды .
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың оқуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қолданыстағы барлық заңдарға сәйкес, бала үйден оқуы тиіс. Оңалтудан кейін мектепте оқуды жалғастыру мәселесін қарастыруға болады. Бұл – ұзақ процесс. Қайғылы жағдай жуырда ғана болғандықтан, қазір нақты не болатынын айту қиын", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, бұған дейін екі аяғынан айырылған қыз балаға қандай жәрдемақы берілетінін жазған болатынбыз.