Current Date: 15-03-2025

Алматы әуежайында қылмыскердің қаруын тартып алған азамат ақшалай сыйақы алды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайымды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.

52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!", — Мұса Әбдірайым.

Еске салайық, кеше, 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытты. Оқиға рейс алдындағы тексеріс аймағында болған.

Сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Авиациялық қауіпсіздікті тексеру қызметкері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал ол қызметкердің шашынан ұстап, оны пышақпен қорқыта бастаған.

Жеті минуттан кейін ер адамды желілік полиция және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қаруын тартып алды. Ер адам қазір полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейінірек шабуыл жасаған ер адам бұған дейін автобуста қызды ұрғаны белгілі болды.

Ал кешке Президент Тоқаев Мұса Әбдірайымды "Ерлігі үшін" медалімен наградтады.