Current Date: 01-07-2025

Өсімдіктер де есте сақтайды

Біз есте сақтау қабілетін адамға ғана тән қасиет деп ойлаймыз. Алайда ғалымдар өсімдіктердің де үйреніп, ақпаратты есте сақтай алатынын анықтаған.

Аустралиялық зерттеушілер ­мимоза деп аталатын өсімдікке тәжіри­бе жүр­гізген. Оған сілку әсер еткенде, ол қа­уіпті сезіп, жапырақтарын жиырып тас­тайды екен. Бірақ сол сілкуді бір­неше рет қайталағанда, мимоза оның зиян­сыз екенін түсініп, жапырақтарын бұрынғыдай жаба бермей, жайып тұра берген. Ең қызығы, арада бірнеше апта өтсе де, өсімдік осы сабақты ұмытпаған. Ғалымдар өсімдіктердің миы болмаса да, жасуша деңгейінде ақпаратты сақтайтын өзіне тән биохимиялық жүйесі бар дейді.

Дайындаған –

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті