Шара еліміздің көрнекті қаламгері Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығына арналды.
Еліміздің Әнұранын 21 жасында жазған ақынның мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Ол аз ғұмырында бірнеше поэма, повесть, роман жазып, 9 күй қалдырған. Оның жырлары бірнеше тілге аударылған. Қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі, әдеби оқулар ұйымдастырылды. Көрме жыл соңына дейін ашық болады.
Сондай-ақ Жұмекентанушы Амангелді Кеңшілікұлы «Жұмекеннің жұмбағы» атты ашық әдеби лекциясын оқыды.
Амангелді Кеңшілікұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, әдебиет сыншысы:
- Абайдан кейін қазақ поэзиясын тереңдеткен, оның танымын кеңейте түскен үлкен ақындарымыздың бірі — ол сөз жоқ Жұмекен Нәжімеденов. Оның алғаш шыққан «Балауса» деген жыр жинағының өзі ойының тосындығымен, тереңдігімен ерекшеленген болатын. 50 жасқа дейін 7 том мұра қалдырды. Мына 90 жылдықтан бастап өз басым Жұмекен дәуірі басталады деп ойлаймын.