Current Date: 01-07-2025

Шымкентте шенді полицей өз әріптесін зорлады деген күдікке ілінді

Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалды шешім қабылданады.

Шымкентте шенді полицей өз әріптесін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы қазір тергеуге алынды. Тәртіп сақшылары әріптестеріне қатысты істің мән-жайын анықтауға кірісті. Әзірге полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын айтқан жоқ.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жәбірленуші күдіктінің қарамағында жұмыс істеген. Қазір ол жүкті деген ақпарат бар. Өзге мәліметті полицейлер құпия ұстап отыр. Департаментте ішкі тексеріс басталды. Күдікке ілінген тәртіп сақшысы жұмыстан уақытша босатылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша арызданушы мен арызда көрсетілген ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалды шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, делінген Шымкент қалалық ПД хабарламасында.