Танымал нумеролог Айнұр әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның әйелі Мөлдір Мұқановаға болжам жасады.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мөлдір Мұқанова – өз өмірін түгелімен күйеуіне арнап, өзін-өзі ұмыт қалдырған құрбан әйелдің жарқын мысалы. Өкінішке қарай, мұндай жағдайдан өтуге мәжбүр болатын әйелдер көп. Олар кейін өзін қайтадан бөлшектеп жинауға тура келеді. Тіпті өмір оларға бәрін өз көзімен көрсетіп, бір сәтте серпіп оятып жібереді. Әйел есін жия алмай қалады, ал сол уақытта оған ішкі күйзеліс арқылы жаңа өмірін қайта құруға тура келеді», — деп жазды нумеролог
Сондай-ақ, ол мұндай әйелдер күйеуіне әйел емес, анасындай болып кететінін жазды.
«Мұндай әйелдер өздері байқамай күйеулерінің аналары болып кетеді. Ер азамат табысты болсын деп, өздерін толықтай соған арнап, күнделікті тұрмыстың арасында өз-өздерін жоғалтып алады», — деді нумеролог.