Current Date: 01-07-2025

Қазақстандағы халық саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елде 20 370 672 адам тіркелген. Ал 1 мамырда халық саны 20 353 265 адам болған.

Халық саны бойынша көшбасшы өңірлер – Алматы (2 314 929 адам) мен Түркістан облысы (2 150 992 адам).

Сондай-ақ, 1,5 миллионнан аса адам тұратын тығыз қоныстанған өңірлерге Алматы облысы (1 575 657 адам) мен Астана (1 566 566 адам) жатады.

Миллионнан аса халқы бар өңірлер қатарында Қарағанды облысы (1 133 068 адам), Жамбыл облысы (1 220 481 адам) және Шымкент (1 274 296 адам) бар.

Сонымен қатар, республикада қала халқы басым. Қалаларда 12 877 408 қазақстандық тұрса, ауылдық жерлерде 7 493 264 адам тұрады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget