Current Date: 01-07-2025

Алматыдағы Абай даңғылының бір бөлігі жабылады: қандай жол бөлігі және қашанға дейін

2025 жылғы 2 шілде мен 15 тамыз аралығында Алматыдағы Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 1 шілдеде Almaty_Joly Telegram-арнасындағы ақпараттан белгілі болды. Оған сүйенсек, осы уақыт аралығында Мамыр-4 шағынауданында су құбыры және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты Абай даңғылының шығыс бағытындағы жолақтарының бірі — Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта уақытша қозғалыс шектеледі.

Тұрғындардан уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау сұралды.

Бұған дейін Қазақстан халқының нақты саны белгілі болғандығын жазғанбыз.