Таразда бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, қожайыны көк түтін ішінде қалып кетті. Құтқарушылар оны өрт ішінен аман-есен сыртқа алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 2025 жылы 1 шілдеде 112 желісіне бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт болып жатқаны туралы оқиға куәгерлерінің бірінен хабар келіп түсті.
"ТЖМ өрт сөндірушілері 50 жастағы пәтер иесін түтін басқан үйден аман-есен алып шықты. Оқиға орнында зардап шеккен әйелді Апаттар медицина орталығының дәрігерлері қарады. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. Тұрғындарды эвакуациялау шарасы жүргізілген жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында үлкен зардаптың алды алынды. Өрттің шығу себебі анықталуда.