Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Бекайдар Қазкеев пен бөлім ардагерлері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жиын барысында атқыштар ротасының командирі Дәурен Қожатайға ту көтеру құрметі табысталды. Кейін әскери бөлімнің жеке құрамы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағына кірісті. Онда жеке құрамға ҚР Президенті мен Ішкі істер министрінің тапсырмалары егжей-тегжейлі жеткізіліп, әскери бөлім оқу нүктелеріне бөлініп, қызмет барысындағы қауіпсіздік шараларымен таныстырылды. Сондай-ақ әскери бөлім оқу нүктелеріне жіктеліп, қауіпсіздік шаралары таныстырылылды. Әрі қарай қызметтік іс-қимыл бойынша арнайы жаттығулар жүргізілді.
Бір күндік оқу-жаттығуға 300-ге жуық сарбаз қатысып, тактикалық дайындық пен ату жаттығулары бойынша білімдерін жетілдірді. Жаңа оқу кезеңі әскери тәртіпті нығайтып, сарбаздардың кәсіби дайындығын арттыруды көздейді.