Астанада жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген жүргізуші қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 1 шілдеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша 24 жастағы жүргізуші Toyota Land Cruiser маркалы көлікпен "Арыс" көпіріне қарай бара жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, қарсы бағытқа шығып кетіп, тағы екі көлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз