Current Date: 03-07-2025

Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл базарда саудамен айналысып жүр

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі таңда Шымкентте саудамен айналысып жүргенін мәлімдеді

Бұл туралы ол журналист Ақарыс Сейтқазыға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Базарда саудадамыз. Арасында барамын, ашып қойдым, болды, кетіп қалдым деген сөз жоқ. Көзқарас істеп тұруың керек. Барлық затқа өзім тапсырыс беремін. Сатып алушылар келеді, танып жатады. «Сен базарға шығып кеттің ба» дейді. «Мен біреудің тамағын тартып алып жатырмын ба? Әлде біреудің жұмысын тартып алып жатырмын ба» деймін. Ішіп кетсең мал болып кеттің дейді, жұмыс істеп жатсаң мынадай деп жатады. Сіздер түзу сөйлеуді үйреніңіздерші деймін. «Біреулер жарайсың, саудамен айналыс. Саудада береке бар» деп жатады. Кейбір адамдарда менталитет дұрыс емес», — деді спортшы.