Current Date: 03-07-2025

Мамырда әлемде жолаушылар мен жүк тасымалына сұраныс өсті

Африка мен Азия арасындағы маршрут аса қарқынды дамып келеді.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2025 жылғы мамыр айында жолаушылар мен жүк тасымалына сұраныстың өскенін тіркеді.

Жолаушылар тасымалы бойынша деректер:

  • Жалпы сұраныс (RPK) өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 5,0%-ға өсті.
  • Халықаралық рейстер: RPK +6,7%, ASK +6,4%, жүктеме коэффициенті – 83,2% (+0,2 п.п.).
  • Ішкі рейстер: RPK +2,1%, ASK +2,8%, жүктеме – 83,7% (–0,5 п.п.).
  • Ең жоғары өсім – Азия-Тынық мұхиты аймағында (+9,4%), ал Солтүстік Америкада керісінше, 0,5% төмендеу байқалды.
  • Ең қарқынды дамып жатқан халықаралық бағыт – Африка мен Азия арасындағы маршрут (+15,9%).

"Мамырдағы өсу біркелкі болмады. Жалпы алғанда, сала 5% өсім көрсетті, көшбасшы – Азия-Тынық мұхиты аймағы (+9,4%), ал ерекшелік – Солтүстік Америка, мұнда 0,5% төмендеу байқалды, оның ішінде АҚШ ішкі нарығында – 1,7%. Маусым айының соңында Таяу Шығыстағы оқиғалар геосаяси тұрақсыздықтың салаға әлі де әсер ететінін еске салды. Соған қарамастан, авиакомпаниялар аймақта қауіпсіз ұшуларды жалғастырып, жолаушылар үшін қолайсыздықтарды барынша азайтты. Мұндай тұрақсыздықтың мұнай бағасына әсері де маңызды – мамырда ол төмен деңгейде қалды. Ең бастысы – тұтынушы сенімі жоғары, солтүстік жарты шардағы жазғы маусымға алдын ала брондау оң серпін көрсетіп отыр", – деді IATA бас директоры Уилли Уолш.

Жүк тасымалы бойынша деректер:

  • Жалпы сұраныс (CTK) – 2,2%-ға, қуаттылық (ACTK) – 2%-ға артты.
  • Жүктеме коэффициенті – 44,5% (+0,1 п.п.).
  • Азия-Тынық мұхиты – +8,3% өсім, Солтүстік Америка –5,8% төмендеу.
  • Азия – Солтүстік Америка бағыты –10,7% төмендеді, ал Еуропа – Азия (+13,4%) және Таяу Шығыс – Азия (+10,8%) бағыттары өсті.

"Глобалдық сұраныстың 2,2% өсуі – бұл қуантады, әсіресе Азия – Солтүстік Америка бағыты бойынша 10,7% төмендеуді ескерсек. Бұл АҚШ-тың сауда саясатына енгізілген өзгерістердің жағымсыз әсерін көрсетеді. Дегенмен, біз жүк тасымалы секторының тұрақтылығы жөнелтушілерге жеткізу тізбегін бейімдеуге, жүктерді уақытша тоқтатуға, қайта бағыттауға немесе жеделдетуге мүмкіндік беретінін көріп отырмыз", – деді IATA бас директоры.


Оқи отырыңыз:

  • Әлемде бір әуе жолаушысынан бір сапарда 7 доллар ғана пайда түседі – IATA
  • 2026 жылы IATA жиналысы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді