Current Date: 03-07-2025

Қызылордада пластик қалдықтарын өңдейтін цех өртенді

Өрт сөндірушілер ғимаратты өрттен аман алып қалды.

Қызылорда қаласының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақырту бойынша Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі пластик қалдықтарын қайта өңдеу цехына аттанды, деп жазады inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініш берушінің айтуынша, цехта өрт шыққан. Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бірнеше минут ішінде оқшаулады.

"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – дейді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев.