Вайнер Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп бостандыққа шықты. Бұл туралы әзілкештің өзі әлеуметтік желілерде хабарлады. ҚАЖК бұл ақпаратты растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әзілкеш Мейірхан Шерниязов желідегі парақшасында жақындарымен кездескен сәтінің видеосын жария етті.
ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі Шерниязовтың босап шыққаны туралы ақпаратты растады.
"Сотталушы жазасын өтеп болғанына байланысты қамаудан босатылды", — делінген ведомство хабарламасында.