Current Date: 04-07-2025

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселденқорғау» мекемесінің экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы шектелді . Алматы облысы сотының ақпарынша, бұл іске оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер компания басшысы Андрей Поплавскийдің де қатысы бар. Сондықтан олар 11 жылға сотталды.

Еске салсақ, экс-шенеунік пен кәсіпкер атқарылмаған құрылыс жұмыстары үшін жалған құжаттарға қол қойып, ірі көлемде пара алған. Нәтижесінде мемлекетке 2 миллиард теңгеге жуық залал келтірді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Динара Жарқынбек