Басқосуға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.
Жиында этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру жолдары қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ерлан Қарин "Заң және Тәртіп" қағидатының орындалуына және өңірлерде қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін әзірлеуге ерекше назар аударды.
Ол ішкі саясаттағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдар жұмысының проактивті әрі үйлестірілген болу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысында мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Қариннің төрағалығымен ғылым мен техника және гуманитарлық саладағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссия отырысы өткен болатын.