Current Date: 04-07-2025

Иран МАГАТЭ-мен әріптестігін жалғастыруға ниетті

Бұл туралы елдің СІМ басшысы айтты.

Иран МАГАТЭ-мен әріптестігін жалғастырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Trend-ке сілтеме жасап.

Күні кеше Ақ үй Иранның МАГАТЭ-мен байланысын үзгенін сынға алғанын жазған едік.

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа адал екенін растап отыр. Сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ынтымақтастықты жалғастыруға да ниетті. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи хабарлады.

"Біздің ынтымақтастығымыз қауіпсіздікке байланысты белгілі бір себептерге орай Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесі арқылы жүзеге асатын болады", – деп жазды ол "X" парақшасында.