Current Date: 04-07-2025

Алаяқтық жасаған күдікті Дубайдан экстрадицияланды

Алаяқтық жасаған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Ол 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында Wildberries компаниясына инвестиция салуды сылтауратып, оған қоса сыйақы уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшаcын иемденген.

Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Ол сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", — деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұл қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!