Лас-Вегаста (АҚШ) үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Бұл жарыста әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыз бақ сынамақ. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар:
- Линь Шидун (Қытай, №1),
- Ван Чуцинь (Қытай, №2),
- Уго Кальдерано (Бразилия, №3),
- Харимото Томокази (Жапония, №4),
- Лян Цзинкунь (Қытай, №5),
- Трулс Морегард (Швеция, №6),
- Феликс Лебрун (Франция, №7),
- Лин Юн-Джу (Тайбэй, №8),
- Дарко Йоргич (Словения, №9),
- Сян Пэн (Қытай, №10).
Қазақстандық Кирилл Герасименко турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы — Бельгияның үш дүркін чемпионы Мартин Аллегро.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры — 1 550 000 АҚШ доллары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз