Current Date: 04-07-2025

Астанада Арыс көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Осыған байланысты, 7-16 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.