Алматыда коммуналдық мекеменің бірі 50 техникамен толықты, деп хабарлайды 24KZ. Көліктер «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы 3%-пен 7 жылға несиеге сатып алынды.
Бұл кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Жаңа техника заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мәселен, оның қоқыс жинайтын бөлігі толық жабылады. Қалдық төгілмейді. Иісі шықпайды. Коммуналдық мекеме жаңа техникамен толыққан соң 50 жұмыс орны ашылды.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Экологиялық жағдайды жақсарту мәселесінің бірден-бір бір бөлігі десек болады. Бұл қалдықтарды жүйелі түрде басқару. Қалада 230 дана техника жасайды. 70% қалдық осы компаниямен жиналады екен.