ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туристік сапарлардың өсуіне байланысты Қазақстанға тән емес қауіпті инфекциялардан сақтануға қатысты ескерту жасап, бірқатар кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қауіпті өңірлер: Африка, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия — ылғалды климатқа және тропикалық аурулардың жоғары концентрациясына байланысты:
- жоғары жұқпалылық;
- дерттің ауыр жүруі;
- емдеудегі қиындықтар.
Жұқтыру жолдары:
- ластанған су және тамақ;
- масалардың шағуы;
- науқастармен байланыс;
- жыныстық жол.
Инфекциялардың профилактикасы:
Тырысқаққа қарсы (Үндістан, Африка, Йемен және т. б.):
- күмәнді сападағы суды ішпеу;
- тек бөтелкедегі/қайнатылған суды ішу;
- көкөністерді/жемістерді жуып, қайнаған су құю;
- дәретханадан кейін, тамақтанар алдында және т. б. қолыңызды сабынмен жуу.
Безгекке, Денгеге қарсы және т. б. (Африка, Азия, Латын Америкасы):
- жабық киім кию;
- репелленттерді қолдану;
- москит торларын қою;
- фумигаторлар мен аэрозолдерді қолдану.
ҚР ДСМ аурудың алғашқы белгілері кезінде өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге хабарласу керектігін ескертеді.
Фактілер мен статистика:
- 17 өткізу пункті санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтамасыз етілген;
- күн сайын ҚР шекарасынан 50 000 адам өтеді;
- 5 айда: 2,6 миллион адам.
Құзырлы ведомство 2025 жылдың барысында температурасы бар 43 жолаушы анықталып, оларға көмек көрсетілгенін де нақтылайды.
Сапар алдындағы кеңестер:
- Баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеңіз.
- Дәрігерден профилактикалық консультация алыңыз.
- Жолға негізгі қорғаныс жиынтығын алыңыз.
- Жауапты болыңыз — саяхатта денсаулығыңызды сақтаңыз!
Айта кетсек, 2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады.