Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында финалға қанша елдің боксшылары шыққаны белгілі болды. Финалға қазақстандық 12 боксшы жолдама алды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Басылымның хабарлауынша, Қазақстаннан финалға жолдама алғандар ішінде алтауы ерлер, алтауы әйелдер құрамасына тиесілі.
Сондай-ақ финалда Үндістан — 8, Бразилия — 6, Түркия мен Аустралия — 2, Филиппин, Франция, Моңғолия, АҚШ, Финляндия, Норвегия, Жапония, Болгария, Германия, Өзбекстан — 1 боксшына сенім артады.
Күндізгі сессия. 14:00
- 48 келі (Үндістан) Минакши Минакши – (Қазақстан) Назым Қызайбай
- 55 келі Руи Ямагучи (2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жапония) – Махмұд Сабырхан (Қазақстан);
- 80 келі Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Иожерлин Сезар (Бразилиядағы әлем кубогының қола жүлдегері, Франция);
- 85 келі Жугно Жугно (Үндістан) – Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан);
- 60 келі Виктория Графеева (Қазақстан) – Ребека Де Лима Сантос (2024 жылғы әлем кубогының финалисі, Бразилия);
- 70 келі Наталья Богданова (Қазақстан) – Лекейша Перголити (Жаңа Зеландия);
- 50 келі Джей Бриан Барикуатро (22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері, (Филиппин) – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан);
Кешкі сессия. 19:00
- 51 келі Пихла Кайво-Ожа (Париж Олимпиадасының ширек финалисі, Финляндия) – Алуа Балқыбекова (Қазақстан);
- 75 келі Суннива Хуфстад (2022 жылғы жастар арасында әлем чемпионы, Норвегия) – Надежда Рябец (Қазақстан);
- +80 келі Елдана Тәліпова (Қазақстан) – Нупур Нупур (Үндістан);
- 75 келі Рами Киван (2024 жылғы Еуропа чемпионы, Болгария) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан);
- +90 келі Айбек Оралбай (Қазақстан) – Никита Путилов (22 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы, Германия).
Бокстан әлем кубогының финалы 6 шілдеде елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сағат 14:00 және 19:00-де өтеді.