2025 жылғы 5 шілдедегі мәлімет бойынша, Техас штатының орталық бөлігінде болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN телеарнасының дерегінше, Керр округінде 43 адам, Бернет округінде үш адам, ал Трэвис округінде тағы төрт адамның мәйіті табылған.
Қаза тапқандардың арасында 15 бала бар, олардың өлімін отбасылары растаған.
Torrential rain has unleashed catastrophic flooding across Central Texas today, with Kerr County officials confirming multiple fatalities.
Video shows a car teetering on the edge of the collapsed G Street Bridge in Kerrville, which was washed away by the floodwaters. #TXwx pic.twitter.com/mcoRPTCosq
— WeatherNation (@WeatherNation) July 4, 2025
Қазіргі уақытта христиан жазғы лагерінде болған бір топ қыз баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар Техас губернаторы Грег Эббот кейбір өңірлерде су деңгейі төмендей бастағанын атап өтті.