Current Date: 19-07-2025

Елдің оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі болды

Елдің оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды 24kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша зілзала Алматы қаласының оңтүстік-батысына қарай 334 шақырым жерде тіркелген. Жамбыл облысында жерасты дүмпуі сағат 2 жарым шамасында сезілген. Құлан ауылында 6 балл, Меркеде 5 балл, Тараз бен Шуда 3 балл, Қаратауда 2 балл тіркеліп отыр. Зардап шеккендер мен қираған нысандарға қатысты мәлімет түскен жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығы базасында жедел штаб құрылды. Сонымен қатар жедел желілер іске қосылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінде өңірлердегі сейсмикалық ахуал жайлы онлайн конференция өткізілді. «Құтқарушылар мен құрал-жабдықтар дайын», - дейді мамандар. Ведомство басшылары тұрғындарды сабыр сақтауға және ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырды.