Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты

Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты. Жазатайым оқиға жолда болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеге қараған түні “Павлодар-Қызылорда” автожолында Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты.

“Болжам бойынша ер адам бензинді ыдысқа алуға тырысқанда цистернаға құлаған”, — деп хабарлады департамент.

Полиция Павлодар тұрғыны қаза тапқан жазатайым оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.