Current Date: 02-08-2025

Әлеуметтік желідегі шағым: Алматыдағы «Жанұя» кешеніне толық тексеріс жүргізілді

Алматыдағы мамандандырылған «Жанұя» кешені тексерілді, деп хабарлайды 24kz.

Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін Медеу аудандық прокуратурасы балалар үйіне толық тексеру жүргізген.

«Дамуы кешеуілдеген, ауытқуы бар 7 балаға басқа диагноз қойылған» деген ақпарат жалған», — дейді прокурорлар. Ол үшін арнайы сараптама жасалған. «Жетімдердің баспанасын заңсыз сатып жіберді» деген ақпарат та расталмады. Дегенмен, прокурордың мәліметінше, бірнеше заңбұзушылық анықталған. Нақтырақ айтқанда, санитарлық талап сақталмай, бухгалтер қаражатты мақсатсыз жұмсаған.

Айта кетейік, мамандандырылған «Жанұя» кешенін сынға алған жазбалар осыдан жарты жыл бұрын әлеуметтік желіде тараған еді.

Ермек Базарбаев, Медеу аудандық прокурорының орынбасары:

- Басқа заңбұзушылықтар орын алған. Мынау санитарлық эпидемиология жағынан, сонымен қатар «мертвая душа» дейді ғой ондай фактілер де бар. Ол бойынша бухгалтер жауапкершілікке тартылды. Ол мына бюджеттен ақшаны басқа жерге жаратқаны бойынша сол ақшаны орнына қойды.