Current Date: 14-03-2025

Қамыс арасында қалып қойған аңшы құтқарылды

Жамбыл облысында құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыны құтқарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 наурызда Жамбыл облысы Әулиекөл көлінде аңшыны қайығымен жел қамыс арасына алып кеткен, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушыларға басқа аңшы көмек сұрап хабарласты.

Құтқарушылар арнайы сүңгуір киімдерін киіп, көл ортасында қалып қойған 1959 жылы туған азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Ер адам қатты тоңып, аяқ-қолы жансызданған, себебі желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетіп, көлде толқын биіктігі 1-1,5 метрге дейін көтерілген.

ТЖМ ауа райы қолайсыз кезде мүмкіндігінше қандай да бір сапарлар мен жұмыстарды кейінге қалдыруды сұрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!