13 шілде күні елорданың Орталық саябағында ауқымды спорттық шара – ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді. Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыс Орталық саябақтан басталып, Ильинка аумағында аяқталады. Қатысушылар келесі үш кезеңнен өтеді:
жүзу – 1,9 км;
веложарыс – 90 км;
жүгіру – 21,1 км.
Іс-шараның өтуіне байланысты, әсіресе веложарыс бағыты өтетін көшелерде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Веложарыс бағыты:
Басталуы – Орталық саябақ (Орталық жағажай маңы);
Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылу;
Тұран даңғылымен Қорғалжын тасжолына дейін (оң жақ жолақпен) жүру;
Қорғалжын тасжолынан оңға бұрылып, айналма жолға дейін жүру (оң жақ жолақ);
Айналма жолға солға бұрылып, қарсы бағыттағы жолақпен жүру;
Кейін 3 шеңбер бойынша Қорғалжын тасжолынан Қосшы (Қарқаралы) бағытына дейін – сол жақ жолмен жүру;
Шеңберлерді аяқтаған соң, қайтадан Қорғалжын тасжолына түсіп, Ильинка жақтан веложолға кіру;
Мәре сызығы веложол бойындағы велопрокат тұрағы. Жүгіру кезеңі веложол аумағында өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдағы күндері жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
