Кеше, 8 наурызда Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақ спортшысы Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 7,5 шақырым (отырып) спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен жеңіске жетті.
Бірнеше күн бұрын Қазақстан тарихындағы парабиатлоннан тұңғыш әлем чемпионы Ербол Хамитов шаңғы спортынан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.
Ербол Хамитов 9 ақпан күні Словенияда өткен парабиатлоннан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді. Хамитовтың жекелей сындағы нәтижесі Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс болды.