Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Мектепке құжат өткізген 273 мың оқушының 70%-ы қазақ тілінде оқуды таңдады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл өткен сайын елімізде қазақ тілінде білім алғысы келетіндердің саны көбейгенін байқауға болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Биыл бірыңғай ұлттық тестілеуде 210 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Соның 76,5%-ы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде және 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.