Current Date: 02-08-2025

Алакөлде 2 адам суға батып кете жаздады

Алакөл маңында 15 шілде күні Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы патрульдеу барысында 2 демалушыны құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар SUP тақтасында серуендеп жүргенде ескектерін жоғалтып, жағадан 600 метрге алыстап кеткен.

Өз бетімен жағаға қайта оралу мүмкіндігі болмағандықтан, құтқарушылар көмекке шақырылды.

– Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, демалушыларды қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға мынадай кеңестер береді:

  • Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
  • Ауа райы жағдайы мен желдің күшін қадағалаңыз;
  • Судағы қауіпсіздік – сіздің қолыңызда.