Ұлттық ұланда 1500-ге жуық әйел әскери қызмет атқарып жүр
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 240-тан астамы қаржылық қамтамасыз ету саласында қызмет етеді, 50-і байланыс қызметінде, 80-і маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, 50 әйел авиацияда қызмет атқарса, 53-і барлық әскери қызметшінің моральдық-психологиялық жағдайын бақылап отыр.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылық штабы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Жылдағы дәстүр бойынша мереке күні әйел-әскери қызметшілер, ардагерлер мен өзара қарым-қатынастағы органдардың өкілдері Ішкі істер министрі мен министрдің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының атынан құрметке бөленді.