Қалада экологиялық тәртіптің сақталуына қатысты бақылау күшейді.
Мониторинг барысында табиғат қорғау прокуратурасы қала аумағында 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заң талаптарына сәйкес аудан әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген.
Қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы 3 және 5-бөліктері бойынша Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралар арқылы әкімдіктер, анықталған қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жүргізді.