Жыл басынан бері өңірде ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен 10 жол көлік апаты тіркелген.
Мамандандырылған тұраққа 145 бас мал қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы жылы Екібастұз қаласының учаскелік инспекторлары 65 мал иесін жауапқа тартқан.
15 шілдеде сағат 02:50 шамасында Павлодар-Екібастұз автожолының 102 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, онда көлік жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Зардап шеккен адамдар жоқ, бірақ көлік зиян келген. Жылқы иесі анықталғанға дейін жануарлар арнайы тұраққа қамалды.
– Жылқының иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ол Ақжол ауылының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша одан әрі талқылау оның және жәбірленушінің арасында сот тәртібімен жүргізіледі, – деді полиция қызметкерлері