Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлаған.
Осының өзінде Аляска жағалауында 7,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркеліп үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ Геологиялық қызметі Аляска жағалауына жақын маңда тағы жер сілкінісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тіпті, оның қаупі тым жоғары екенін қатаң ескертіп отыр.
Мекеме өз мәліметінде зілзаланың эпицентрі Санд-Пойнт елді мекенінен оңтүстікке қарай 87 шақырым жерде орналасқанын мысал етеді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 20,1 шақырым тереңдікте болған. Цунами қаупі бар екені де ескертілді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жайлы нақты ақпарат жоқ.
Бірнеше күн бұрын елімізде жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.