Перизат Қайрат ісі бойынша бүгінгі сот отырысы тағы да эмоцияға толы сәттермен есте қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Таңертеңгі жауап алу кезінде зардап шеккендер арасында дау-дамай туындап, тіпті тікелей эфирде жанжалдың арты ыңғайсыз сөздерге ұласты. NIS өкілі Умут Сатқынбекова әдеттегідей қарсы сұрақтар қойған Перизат Қайратпен бетпе-бет келіп, қызу диалогқа түсті.
— Неге арыз жаздыңыз? — деп сұрады Қайрат.
— Бәрі жазды, мен де жаздым, — деп қысқа қайырды Сатқынбекова.
Куәлігін аяқтағаннан кейін Сатқынбекова тікелей эфирін сөндіруді ұмытып, камера алдында бар эмоциясын жасыра алмай: «Капееец!» деп айтып қалды.
Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.