Олармен күрежол бойын бақылап қана қоймай, іздестіру-құтқару жұмысына да пайдаланылады. Ұшқышсыз ұшу аппараты бейнебақылау жүргізіп, жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын анықтап, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлей алады.
Биыл 6 айда дронның көмегімен 86 жол ережесін бұзу жағдайы анықталып, жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылды. Жалпы облыс аумағында 629 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 49 адам қаза тапты. 797 адам түрлі дене жарақатын алған.
Ғани Икрамов, ПД ЖПҚБ рота командирінің міндетін атқарушы:
- Апаттарды алдын алу мақсатында ұшақсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы жол қозгалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 4 дана ұшақсыз ұшу аппаратын алу жоспарлануда.