Current Date: 14-03-2025

Елена Рыбакина екі айда 1 млн доллар табыс тапты

Қазақстанның үздік теннисшісі жыл басынан бері екі айда 1 010 313 доллар (501 млн теңге) табыс тапты .

Күні кеше Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Қазақстандық екінші айналымда Нидерланды өкілі Сюзанна Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезекте Елена британдық Кэти Боултермен кездеседі.

Елена Рыбакина алдағы ойында да кортқа фаворит мәртебесінде шығады. Бірақ Кэти Боултер де осал қарсылас емес. 1/16 финалдық матч Қазақстан уақыты бойынша 2:00-ге жоспарланған.

2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 ойында жеңіске жетсе, 5 матчта жеңіліс тапты.

2025 жылы ең көп жүлде жеңіп алған ТОП-6 теннисші:

1. Мэдисон Киз – $2 379 924

2. Ига Швентек – $1 560 061

3. Арина Соболенко – $1 456 805

4. Кори Гауфф – $1 373 731

5. Мирра Андреева – $1 098 920

6. Елена Рыбакина – $1 010 313

Елена Рыбакина кәсіби мансабында тек теннис турнирлерінен 16 745 303 АҚШ доллар табыс тапты.