Тінту барысында автокөліктен ойық ұңғылы карабин қаруы табылды.
14 шілдеде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында заңсыз аң ауланғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицейлер Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында далада бұланға ұқсас жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды байқады. Тексеру барысында 30 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысып, бұланды атып алғанын айтты.
Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды.
Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.
