Current Date: 19-07-2025

Президенттікке үміткер болған Амантай қажының басы дауға қалды

Қылмыстық іс қозғалды.

Желіде 83 жастағы қоғам белсендісі Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 4 шілде күні болған. Бейнежазбадан Амантай қажының әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергенін көруге болады. Бұл ақпаратты жәбірленушінің қызы растады.

"Анам жұмыста болды. Ол жерге Амантай қажы келіп жүрді. Оның тегін білмеймін. Анам осындай жағдай болады деп ойламады. Жұма күні болды. Анам бастапқыда күзетшімен сөйлесіп тұрды. Кейін Амантай қажы кіріп келді, амандасты. Ол бұрылып, анамды бас күшімен итеріп жіберді. Кейін көмекке де келмеді. Күзетші полиция мен жедел жәрдемге хабарласты", – деді Раиса Бесхарагаева.

Оның айтуынша, зардап шеккен анасына ота жасалған, оның жамбас сүйектеріне зақым келген.

Қалалық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.