Кейінгі жылдары шымкенттік оқушылардың білім деңгейі жоғарылады.
Бұған «Келешек мектептері» жобасы айтарлықтай ықпал етті — дейді мамандар. Мысалы таңдамалы пәндер бойынша тестілеу қорытындысында балалардың білім көрсеткіші 61,5 пайыздан 65,2 пайызға артты. Теорияны практикамен ұштастыру да жолға қойылды. Заманауи құралдар мен ІТ технология, робототехника сыныптары оқу бағдарламасына оң әсерін тигізді. Өңірде «Келешек мектептері» жобасы аясында 11 нысан салынды. 12 мыңға жуық бала жаңартылған мазмұндағы білім берумен қамтылды. Биыл Таскен тұрғын алабында 1200 орынға арналған жаңа мектеп қолданысқа беріледі.
Ақжарқын Тұрсынова, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:
- Бұл мектептерге конкурстық жүйеде оқушылар да мұғалімдер де қабылданды. Біз де 805 мұғалім сабақ беруде. Мұғалімдеріміздің сапалық құрамы 35% құрайды. Госстандарттағы берілген бағдарламаларды тереңінен түсінгеннен кейін білім сапасының бірден-бір көтерілуіне әсер етті.