Current Date: 20-07-2025

Ақтауда жалаңаш ер адам 11 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтауда 11 қабатты тұрғын үйдің шатырына шығып, жалаңаш ер адамның секіріп кеткен сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Кадрларда ер адамның шатырда тұрғаны және құтқарушылардың оған жақындап, көмектесуге тырысқаны анық көрінеді. Алайда құтқарушылар жетіп үлгермей, ол секіріп кетеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.