"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 21 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Конаев қ.: 21 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 21 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 21 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 21 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 21 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: 21 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 21 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 21 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.