Сахнаға қайта оралып, жаңа жобаларымен ел алдына шығуға уәде берген Төреғали Төреәлінің кезекті концерті кезіндегі видеосы да желідегі пабликтерге таралып кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Продюсері ретінде Жан Мұқановты таңдаған Төреғали Төреәлі концерттік бағдарламасымен ел түкпірін аралауды бастап кеткен. Сондай концерттерінің бірін ол Алакөлде берген. Концерт кезінде сахнада ол көрермендермен кері байланыс орнатып, олармен әңгіме-дүкен құрған.
"Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоғи, қойғанмын қазір, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Дұрыс, анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек",-дейді Төреғали Төреәлі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз